Astana, Str. Imanova 19
BC DD "Alma-ata", office №1107A
701-411-6100
707-666-7525
info@nursoft.kz

whatsap.me/nursoft


Kcell тегін білім беру жобасын бастады

Сайт создание в Астане

Жоба аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан қатысушыларға стипендия төлейді.

“Kcell” АҚ мен OpenIT мен тегін білім беру жобасын бастады, деп хабарлайды Today.kz.

Жоба CAMP (CustomersandMentorsProgram) деп аталады. Жобаға қатысушылар бағдарламалаудың практикалық дағдыларын меңгереді.

“CAMP жобасын іске қосу – қазақстандық нарықты жоғары сапалы IT-кадрлармен толықтыруға бағытталған тағы бір қадам. Студенттер үшін өзінің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге тамаша мүмкіндік. Бизнестегі тапсырыстардың болуы оқу үрдісін одан да қызықты әрі пайдалы етеді”, – деді Aviata. kz компаниясының даму жөніндегі директоры және OpenIT қатысушысы Алексей Ли.

CAMP бағдарламасы 2018 жылдың қаңтар айында басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде үш команда дайындалады. Жоба аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан қатысушыларға стипендия төлейді.

“Биыл біз қазақстандықтардың тегін білім алу мүмкіндігін кеңейту үшін көп жұмыс жасадық. Біз Openu.kz Ашық университетін іске қостық, онда отандық жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары IT, телеком, робототехника және бизнес саласында өз курстарын өткізеді. Біз мемлекеттік тілді үйренуге арналған “Ситуациялық қазақ тілі” мобильдік қосымшаны іске қостық. Цифрлау процесі қазірдің өзінде біздің елімізде өмірдің барлық саласын қамтып отыр. Интернетпен сауда жасау күн сайын артып келеді. Интернет-дүкендерде, тіпті, супермаркеттерде бар. Бұл ретте, қазақстандық нарықта жоғары білікті веб-бағдарламашыларға үлкен сұраныс бар және үлкен тапшылық байқалады. CAMP жобасы бұл мәселені шешуге бағытталып отыр”, – деді “Кселл” АҚ коммуникация бөлімінің басшысы Наталья Еськова.

CAMP бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау Алматының бес жоғарғы оқу орнында – ҚБТУ, СДУ, ХАТУ, ҚазҰУ, ҚазҰТУ-да 2017 жылдың 25 желтоқсанында басталады. Іріктеуге кез келген адам қатыса алады.


Жазба авторы:

Мейіргүл Оңғарова