Astana, Str. Imanova 19
BC DD "Alma-ata", office №1107A
701-411-6100
707-666-7525
info@nursoft.kz

whatsap.me/nursoft


Цифрлық Қазақстанды кім жасайды?

Создание сайтов в Астане

Kazakhstan Growth Forum аясында жасалған «ҚР үздік цифрлық сервистері» рэнкингінің нәтижесінде  ІТ сала сарапшылары Kaspi.kz платформасын еліміздегі ең үздік digital-сервис деп атады. Мұны айғақтайтын марапат K-Tech Technology Summit 2018 техникалық саммиті аясында тапсырылды.

«Бізге бұл награданы алу жағымды жаңалық болды. БІз клиенттеріміз үшін тамаша сервистерді жасауға тырысамыз. Бұған әрине, нарықта бар заманауи технологияларды қолданамыз. Алайда ең бірінші кезекте сервистерді біздің клиенттеріміздің сұранысы мен үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып жасаймыз. Мұндай қадам әрқашан жақсы нәтиже береді. Мысалы, Kaspi.kz қосымшасы AppleStore мен PlayMarket-тегі «Қаржы» санатында брінші орында және еліміздегі ең танымал қосымшалардың бірі. Kaspi.kz қосымшасын 2 млн қазақстандық қолданып, комиссиясыз төлем жасап, жеке қаражатын онлайн басқарып, үйден шықпастан түрлі тауарларды кредит пен бөліп төлеуге сатып алады», – дейді «Kaspi Bank» АҚ атқарушы директоры Сергей Тимохин.

Оның айтуынша Kaspi ары қарай да инновациялық қызметтерді іске қосып, экожүйесін кеңейтпек. «Kaspi экожүйесіндегі барлық қызметтер бір-бірімен байланысты. Біреуі өсіп, дамыса екіншісі екіншісі де бірге өсім көрсетеді. Сонымен қатар клиенттерге  біздің онлайн-сервистерді пайдалану арқылы уақыты мен қаражатын үнемдеуіне мүмкіндік жасаймыз. Мысалы, енді банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Өйткені Kaspi.kz қосымшасымен банк бөлімшесіне бармастан депозит, кредит бойынша толық қапаратты көріп, онлайн-аударым, төлем жасауға болады»,-дейді Сергей Тимохин.

Ол сондай-ақ банк стратегиясы мен өнімдерінің ең бірінші кезекте клиент сұранысына бағытталғанын айтады.

«Біздің стратегиямызда ең бірінші технологияға емес, клиенттің сұранысы мен әлемдік тәжірибеге қараймыз. Біздің миссиямыз – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсарту. Және кез-келген өнімді біздің миссиямыздың негізінде жасаймыз. Технология идеяларымызды жүзеге асыруға мүмкіндік қана береді. Біз сондай-ақ сүйікті клиенттерімізді жиі тыңдап, олардың пікірлеріне құлақ асамыз. Өнімді жақсарту мен дамыту туралы шешім сүйікті клиенттеріміздің пікірлеріне қарап жасалады», -дейді Сергей Тимохин.

Қазіргі кезде Kaspi – жәй ғана банк емес, оның қызметі одан да ауқымды. Бұл онлайн-төлем, онлайн-магазин, онлайн-банк, онлайн-аударым, 200 бөлімше, 4 мың терминал мен 3 мыңнан астам серіктес-дүкендерді құрайтын тұтас бір экожүйе. Kaspi  экожүйесіне  түрлі  есеп бойынша Қазақстандағы азық-түлік емес тауарлар айналымының 20% тиеселі. Kaspi нарыққа тұрақты түрде жаңа инновациялық сервистерді  ұсынады. Олардың соңғысының бірі «Kaspi Maps» ерекше қызметі. Ол ең жақын бөлімшені, кез-келген банктің банкоматын немесе терминалын табуға көмектеседі. Сонымен қатар мұнда Қазақстандағы кез-келген банктің банкоматынан алуға болатын қаражат лимитін білуге болады.

29 қаңтар. 7kun.kz