г.Астана, Ул.Сыганак 29
БЦ ЕВРОЦЕНТР офис 1009,
+7 701-411-6100
+7 707-666-7525
nursoft.astana@gmail.com
Написать whatsapp

“ВКонтакте” желісіне қауіпті вирус шабуылдауда

Сайт создание в Астане

Қазіргі таңда мамандар бұл шабуылға қарсы күрес жүргізуде.

“Касперский зертханасы” мамандары “Вконтакте” желісінің қолданушыларына қауіпті вирус шабуылдап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz 24kz сайтына сілтеме жасай отырып.

“Касперский зертханасы” мамандары “Вконтакте” желісін қолданушылардың жеке ақпараттары ұрлану үстінде екендігін айтты. Қазіргі таңда мамандар бұл шабуылға қарсы күрес жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы наурыз айында “Вконтакте” домені тыйым салынған сайттардың тізіміне енген болатын. Дегенмен бұл келеңсіздік дереу қалпына келтірілді.

2016 жыл “Вконтакте” желісін қолданушылар үшін өте маңызды ерекше жыл болды, себебі көптеген уақыт бойы өзгеріске түспеген сайттың дизайны үлкен деңгейдегі өзгерістер мен жаңалықтар жасады. Жаңа дизайн барлық құрылғы үшін қолдануға тиімді деп танылды.

Бүгінгі таңда орта есеппен “Вконтакте” желісін қолданушылар саны тәулігіне 80 миллион адамды құрайды.

Әрине, мұнша адам қолданатын сайтқа шабуыл жасалынуы кездейсоқ құбылыс емес. “Касперский зертханасы” мамандарының пікірінше, шабуылдың түпкі мақсаты – ұрланған мәліметтерді топтардың жазылушылар санын арттыруға пайдалану.