Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалды

Шабуыл салдарынан сайттағы онлайн-табло көрінбей қалғанымен, әуежай жұмысына ешқандай зиян келмеген.
3 наурыз түнде Астана әуежайының сайтына хакерлік шабуыл жасалып, сайт жұмысы уақытша тоқтап қалды. Бұл туралы азаматтық авиация Комитеті өкілдері хабарлады, деп жазады Today.kz.
“Анализ мен кибершабуылды тергеу Орталығының WebTotem мониторинг желісінің арқасында шабуыл болғаны анықталды. 10:20-да сайт қалпына келтіріліп, штаттық режимде жұмыс істей бастады”, – делінген азаматтық авиация Комитетінің хабарламасында.
Шабуыл салдарынан сайттағы онлайн-табло көрінбей қалғанымен, әуежай жұмысына ешқандай зиян келмеген.
today.kz
Recent Posts

Хостинг пен Домен дегеніміз не?
March 15, 2019

mGov қосымшасында 12 қызмет іске қосылды
January 29, 2019